Жаңалықтар​

Хоум Кредит Банкі туралы

2015 жылы 16 қараша күні Математикалық тәсілдер және моделдеу кафедрасы жұмыс берушілермен кеңес шеңберінде 5В070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу, 5В060100 - Математика, 5В070200 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша бітірушілер мен  Хоум Кредит Банкінің өкілі арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Хоум Кредит Банкі туралы презентация көрсетіліп, банк қызметкері бітірушілерді тестілеуден өткізді.  

Мәскеу профессорларының дәстүрлі емес энергетиканың перспективті бағыттары туралы дәрістері

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасына  студенттер мен магистранттарға дәріс оқу үшін шет ел профессорлары шақырылды. 28.10.2015  және 10.11.2015ж.  аралығында  студенттер мен магистранттар үшін  күн энергетикасы туралы,  ауыл-шаруашылығын электрофикациялаудың  Бүкілресейлік ғылыми- зерттеу институтының  бас ғылыми қызметкері, техника ғылымының докторы  Валерий Владимирович Харченко  дәріс оқиды...

 

Маусымдық тұмау профилактикасы және саламатты өмір салты туралы презентация

16 қазан күні  Шымкент қаласының  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы оқытушылары  «Электрэнергетика»  және «Жылуэнергетикасы»  мамандығының 1-4 курс студенттері үшін  маусымдық тұмау  профилактикасы және саламатты өмір салты  туралы  презентация жасап, дәріс-әңгімелесу өткізді. Іс-шараға 60 аса студенттер қатысты... 

Ғылыми-Зерттеу институтының профессоры Костиков Анрей Олеговичпен кездесу

7 қазанда «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасында  Харьков Машина жасау Ғылыми-Зерттеу институтының профессоры Костиков Анрей Олеговичпен кездесу өтті. Профессор келесі тақырыптарда дәріс оқыды:  дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер; ЖЭО –ын жетілдіру және реконструкциялау; заманауй жылыту приборлары...

 

«English speaking countries»

22.04.2015. Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдер кафедрасының оқытушысы Туртаева Р.Н. СМ-14-6р8 р тобында факультет көлемінде « English speaking countries» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Студенттер ағылшын тілінде сөйлейтін әр елдің өкілі ретінде өз елдерін таныстырып өтті.

70 күн – 70 игі іс

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 күн – 70 игі іс» атты акциясы аясында «Ақпарттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық жүйелер» және «Математикалық тәсілдер және моделдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен іс шара өткізілді...

«ЭжДЭЖ» кафедрасының аға тәлімгері Кулмаханова И. К. №1 балалар үйіне барды

13.03.2015 күні   ИП-13-4к1 тобының тәлімгері  Байдабекова С.  Өз студенттерімен  және  «ЭжДЭЖ»  кафедрасының аға тәлімгері  Кулмаханова И. К.   №1  балалар үйіне барды.  Балалар үйінің тәрбиеленушілері  қонақтарын өте қуанышты қарсы алды. 

Беттер