Жаңалықтар​

«ЭжДЭЖ» кафедрасындағы студенттік ғылыми-практикалық уконференция

Қарашаның  19 мен 20 аралығында «Ақпараттық технологиялар және  энергетики»  жоғары мектебінде «Нұрлы жол бағдарламасы аясында білім және ғылым» атты тақырыпта кезекті студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер » секциясы бойынша 21 ғылыми баяндама тыңдалды. Оның ішінде 7 ғылыми жұмыс  үздік деп танылды...

«Заңды білу - заман талабы» тақырыбындағы ашық тәлімгер сағаты

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасында  тәрбие  жұмысының жоспарына  сәйкес   19.11.2015 күні   сағат   10-40-та   504Г аудиториясында   ИП-14-4к1,  ИП -14-4к2  топтарының ұйымдаструымен (тәлімгерлері  Апсеметова А. ,  Муратова К.)  «Заңды білу  - заман талабы» тақырыбында ашық тәлімгер сағаты өткізілді.  Ашық тәлімгер сағатына  Университеттің тәлімгерлер кеңесінің аға тәлімгері  Бейсембай С.,  «Ақпараттық технологиялар және энергетика»  жоғары мектебінің  аға тәлімгерінің қызметін атқарушы   Куленова Э.Т.,  кафедраның аға тәлімгері Кулмаханова И.  және басқалары шақырылды... 

Ағылшын тілін үйренудің кәсіби әдістері

«Техникалық мамандықтарға арналған шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Шымырбекова Айгуль «Ағылшын тілін үйренудің кәсіби әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Бұл семинарда мынадай негізгі мәселелер қарастырылды: Сіз қалай өз оқушыларыңызды ынталандырасыз? Жоспарлау рөлі қандай? Оқытушылар ағылшын тілі туралы не білуі қажет және оны қалай практикада дамытуға болады? Тілді оқытуға ресурстар мен технологиялардың қандай пайдасы бар? Сіз қалай кәсіби дамуды жалғастыра аласыз? Ағылшын тілі мұғалімдері жаһандық қоғамдастықтың бір бөлігі болып табылатындықтан ол оқытушыларды жеке пікірі мен тәжірибелерімен бөлісіп, табысқа қалай жету керектігін талқылауды ұсынды.

Қазақстан жолы – 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" (слайдымен)
Мақсаты: Студенттерді Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу...

Хоум Кредит Банкі туралы

2015 жылы 16 қараша күні Математикалық тәсілдер және моделдеу кафедрасы жұмыс берушілермен кеңес шеңберінде 5В070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу, 5В060100 - Математика, 5В070200 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандықтары бойынша бітірушілер мен  Хоум Кредит Банкінің өкілі арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Хоум Кредит Банкі туралы презентация көрсетіліп, банк қызметкері бітірушілерді тестілеуден өткізді.  

Мәскеу профессорларының дәстүрлі емес энергетиканың перспективті бағыттары туралы дәрістері

«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасына  студенттер мен магистранттарға дәріс оқу үшін шет ел профессорлары шақырылды. 28.10.2015  және 10.11.2015ж.  аралығында  студенттер мен магистранттар үшін  күн энергетикасы туралы,  ауыл-шаруашылығын электрофикациялаудың  Бүкілресейлік ғылыми- зерттеу институтының  бас ғылыми қызметкері, техника ғылымының докторы  Валерий Владимирович Харченко  дәріс оқиды...

 

Маусымдық тұмау профилактикасы және саламатты өмір салты туралы презентация

16 қазан күні  Шымкент қаласының  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы оқытушылары  «Электрэнергетика»  және «Жылуэнергетикасы»  мамандығының 1-4 курс студенттері үшін  маусымдық тұмау  профилактикасы және саламатты өмір салты  туралы  презентация жасап, дәріс-әңгімелесу өткізді. Іс-шараға 60 аса студенттер қатысты... 

Ғылыми-Зерттеу институтының профессоры Костиков Анрей Олеговичпен кездесу

7 қазанда «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  кафедрасында  Харьков Машина жасау Ғылыми-Зерттеу институтының профессоры Костиков Анрей Олеговичпен кездесу өтті. Профессор келесі тақырыптарда дәріс оқыды:  дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер; ЖЭО –ын жетілдіру және реконструкциялау; заманауй жылыту приборлары...

 

Беттер