Жаңалықтар​

Ашық лекция

02.18.2016 жылы 9:35-те 606Г (интерактивті такта және проектормен арнайы жабдықталған бөлме) аудиториясында аға оқытушы, PhD докторы Көпжасарова А.А.-ның ИП 15-1К тобының студенттеріне «Базистерді түрлендіру» тақырыбына ашық лекциясы болып өтті...

2016 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында «Діннің рухани-адамгершілік әлеуеті» және «Жастар және дін» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншек-терді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. «Еліміздің және жастардың ең басты байлығы – сапалы білім», – деп Елбасы атап көрсеткендей, заман талабын ескере отырып жастардың білімін көтеру мәселесі еріксіз назар аудартады. Білімді жастар ғана ел дамуына жол ашады. Бүгін де осындай қуатты тарихи іргетасқа сүйене отырып, Ислам өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғырту күн тәртібінде. Демек, ендігі кезекте жастар білім тұрғысынан өзге жұртпен терезесі тең деңгейден табылуы тиіс...

Хабарландыру

2016 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызында   «Діннің рухани-адамгершілік әлеуеті» және «Жастар және дін» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Келем деушілерге есік ашық. Өтетін күні, уақыты 15-00 де, «Г» ғимараты, 605 аудитория...

Communicative methods of teaching foreign languages

Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы С.Н. Құрбанбаева 21.01.2016 ж күні «Communicative methods of teaching foreign languages» атты кафедра оқытушыларымен әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында қазіргі таңдағы шет тілін оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістер талқыланып, пікірталас өткізілді...

«ЭжДЭЖ» кафедрасының мақтанышы

4 курс студенті  Елубай Акбар   еркін күрестен Тараз қаласында өткен  Қазақстан   Республикасы  чемпионатында  97 кг  категориясында 1 орынды жеңіп алды.   Қазақстан  Республикасының   үш дүркін чемпионы,  еркін күрестен спорт шебері,  Азия чемпионатының  күміс жүлдегері  Елубай Акбар    2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қаңтары  аралығында бірнеше халықаралық және республикалық турнирлерге,  сондай-ақ  Қазақтсан Республикасы  чемпионатына   қатысты...

Критериалды бағалауды ескере отырып топтық жұмыс ұйымдастыру

2016 жылдың 6 қаңтарында Техникалық мамандықтарға арналған шеттілдер кафедрасының аға оқытушысы Насыров Шамситдин кафедра оқытушыларына «Критериалды бағалауды ескере отырып топтық жұмыс ұйымдастыру» тақырыбына семинар өткізді.

Біліктілікті арттыру

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Мугалбекова Айдана Алтынбекқызы Испания мемлекетінде біліктілігін арттырып келді. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педогогикалық кадрлары біліктілігін  арттыратын Республикалық институт Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚЖОО педагогикалық мамандары оқытушыларының «Өрлеу» Ұлттық білім жетілдіру орталығында біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 2015 жылдың  12.10. - 25.10.2015ж. Аралығында  2 апта     он-лайн (қашықтан оқыту),    26.10.- 04.11.2015ж. Аралығында 2 апта   аудиториялық сабақтар (күндізгі оқыту тренингтері) Валенсия политехникалық университетінде (Испания) жүргізілді. Барлығы – 4 апта бойына білім жетілдіру курсында болды...

Құттықтаймыз

«Ақпараттық технология және энергетика»  Жоғары  мектебінің  «Математикалық тәсілдер және моделдеу»  кафедрасының ұжымы  «МТжМ»  кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор  Сәрсенбі  Әбдіжаһан  Манапұлы және  ҚР БҒМ-ң  МжММИ–ң  профессоры, ф.-м.ғ.д.,  Садыбеков  Махмуд Әбдісәметұлын жаратылыстану  облысындағы  ғылыми зерттеулері  үшін  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  Мемлекеттік  сыйлық иегерлері   болуымен құттықтаймыз!!! Шығармашылық  табыстар, мықты денсаулық және тағыда  барлық  жақсылықтарды  тілейміз.       

Беттер