Оқушылар арасындағы математикадан аудандық олимпиада

24 сәуір күні Қазығұрт ауданы Қосағаш орта мектебінде математика пәнінен аудандық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың ұйымдастырушысы - техника ғылымдарының докторы, профессор Сембиев Ордабай Зайтайұлы. Сонымен қатар информатика бойынша ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Орта мектеп мұғалімдері үшін ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша семинар өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.