Оқытушы еңбегіне құрмет

Оқытушы еңбегіне  құрмет.

16 қазан  күні  504 аудиторияда  ИП-17-4к2 тобы (тәлімгер Токенов Н.П.)  ұстаздар күніне арналған «Ұстаз - Ұлы тұлға»   атты ашық тәлімгер  сағатын өткізді. Қонақ ретінде: ЭжДЭЖ кафедрасының меңгерушісі Бердалиева А.А., ОҚМУ аға тәлімгері  Бейсенов С.  және  кафедраның аға тәлімгері  Кульмаханова И. шақырылды.

Тәлімгер сағаты топ тәлімгері  Н.П.Токеновтың «Шәкір өмірі» атты өмірлік Ұстаздарына арнаған  өзі шығарған өлеңін оқудан басталды. Топ студенттері домбырада күй ойнады, ұстаздар жайлы өлең – жырлар  оқыды,  сондай-ақ  ұлағатты аңыз әңгімелер айта отырып, ұстаздың   еңбегі мен шыдамдылығына  құрметтерін көрсетті.

 Одан ары кешке шақырылған оқытушылармен «сұрақ-жауап»  түрінде әңгіме-дүкен құрды. Оқытушылар  студенттерді мазалаған сұрақтарға егжей-тегжей жауап берді және жақсы өткізген уақыттары үшін алғыс білдірді. Шығармашылық кеш  «Ұстазым менің,  ұстазым»  әнін шырқаумен аяқталды.