Оңтүстігім – киелі мекенім!

Университетіміздің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының  ИП-16-6кс топ студенттері Оңтүстік  Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барып қайтты. Мұражайдың экспонаттарымен, тарихи оқиғалармен танысып келді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының  негізі 1920 жылы қаланды. Алғашқы уақытта оның міндеті қала мектептерін көрнекті оқу құралдарымен қамтамасыз ету болды, сондықтан да, ол Сырдария халық ағарту бөлімінің педагогикалық зертханасы және педагогикалық мұражайы болып аталды.

Мұражай және оның филиалдарында 93  мың 427  жәдігерлер жинақталған.  6 мың 500  кітап қоры бар арнайы ғылыми кітапхана жұмыс істейді. Жылына мұражайға  келушілер саны орта есеппен 100-мыңнан асады. Оларға 250-ден аса лекциялар оқылып, 1000-нан астам экскурсиялар, 90-ге  жуық көпшілік іс шаралар, 100 астам тұрақты және жылжымалы көрмелер ұйымдастырылып тұрады.