«Отан-қуат, отбасы-шуақ» ашық тәлімгер сағаты

«Отан-қуат, отбасы-шуақ» тақырыбында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ИП-17-6т тобының студенттері және топ тәлімгері С.К. Мелдебековамен 2017 жылдың 15-қараша күні 404Г аудиториясында ашық тәлімгер сағатын өткізді. Ашық тәлімгер сағатына қатысқан қонақтар: ЖМ декан орынбасары Исмаилов Х.Б., «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің жоғары білікті маманы Төлеген Ж., кафедра меңгерушісі Ахметова С.Т., кафедраның аға тәлімгері Нышанбаева Ж.У., топ тәлімгерлері.

Тәрбие сағатының барысында туған жер, Отан, отбасы жайлы үш тілде өлеңдер оқылды, домбырамен Әліби Жангелдиннің «Ерке сылқым» күйі шырқалды, тақырыпқа қатысты ойындар ұйымдастрылды. Сабақ қорытыдынсында топ студенттері көрермендермен қоса Алмас Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» әнін шырқады.