Озық кафедра

 ИП-18-4к1 тобының «Электрэнергетика» мамандығы студенттері желтоқсанның 2019 жылғы №12 (204) «Мектеп» республикалық мектеп журналында« Энергетика күніне»  арналған мақала жариялады.

 Мақалада студенттер «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушылар құрамын мерекемен құттықтай отырып, М.Әуезов атындағы ОҚМУ және кафедра тарихы, жетістіктері және  әлемдік еңбек нарығында сұранысқа ие энергетик мамандарды даярлаудың болашақ жоспарлары туралы әңгімеледі.