Программистердің республикалық олимпиадасы

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңі болып өтті. ҚР БжҒ министрлігінің жетекшілігімен көптеген жылдар бойы ауқымды студенттік жоба - әртүрлі мамандықтар бойынша республикалық  студенттік олимпиадалар өткізу жүргізілуде. Осы жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да болып өтті.  Олимпиада да Республиканың 12 ЖОО-нан 35 студент қатысты. Олимпиада 4 пән бойынша өтті:   есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру, компьютерлік желілер, нысанды-бағдарланған бағдарламалау, интернет технологиялар. АТжЭ жоғары мектебінен олимпиадаға ИП-14-6рс тобының студенті Владислав Макушев, ИП-14-6а тобының студенттері Тимабай Жандос және Пириев Эльшан қатысты, команданың ғылыми жетекшісі физика-матетика ғылымдарының кандидаты, доцент Жапбаров С.А. Олимпиада нәтижесінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен Макушев Владислав марапатталды. Университет ректоры атына алхыс хаттар жіберілді. Жеңімпаздарды құттықтап алда табыстар тілейміз!