Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары

2019 жылдың 28-29 қарашасында Алматы Энергетика және Байланыс университетінде «Самұрық-Энерго» АҚ қолдауымен болашақ энергетиктер арасында республикалық олимпиада өтті.

Олимпиадаға «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының Турсынбаев Бексұлтан ИП-18-2k, Юсупов Изатулла ИП-17-2р, Әбдіришит Ахмет ИП-17-4k2, Әбдрашит Қазбек ИП-17-4к2  студенттері қатысты.  

Олимпиадада «Жылуэнергетиканың теориялық негіздері» пәні бойынша екінші орынды ИП-18-2к тобының студенті Тұрсынбаев Бексұлтан ие болды, ол 2 дәрежелі дипломмен және оқу жылы бойы айына 40 мың теңге көлеміндегі шәкіртақымен марапатталды. Пәндік жетекшілікті аға оқытушы Ильясова Карлыгаш Урматуллаевна жүргізді.