«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» АТТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ СЛЕТІ

17.04.2019ж күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру аясында қоғамды ақпараттандыру» атты Шымкент қаласы ЖОО студенттерінің слеті өткізілді. Аталған ауқымды іс – шараға Шымкент қаласының ірі оқу орындары – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, SILKWAY Халықаралық Университеті, «Мирас» университетінің профессор – оқытушы құрамы, және студенттері қатысты.Жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері ө баяндамаларын жасап, сұрақтарға жауап берді. Слет барысында, IT саласындағы рухани жаңғырудың орны қандай және қоғамды қалай ақпараттандыру жайлы тақырыптар қозғалды. «АТжЭ» ЖМ декан орынбасары, т.ғ.к., доцент Х.Б.Исмаилов «IT – мамандар ел экономикасын дамыту драйвері» тақырыбымен слетті ашып, баяндама жасады. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті және «2019 жылдың үздік студенті»  номинациясының иегері Анарханұлы Ерасыл «Бәсекеге қабілетті – Қазақстан» тақырыбымен өз ойын толықтай жеткізді. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті, Бағжанов Еркебұлан «Менің арманым стартап идеяға LABEL-UP» тақырыбымен өз баяндамасын таныстырды. ОҚМПУ-нің «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Л.А.Сулейменова «ІТ жобаларды орындауға жастарды тарту» жобасын атап өтті және де студенттерді жобамен айналысуына кең жол аша білді. SILKWAY Халықаралық Университетінің ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша проректоры, РһD докторы Н.С.Жұматаев өзінің IT саласындағы глобальды сұрақтарды қоя отырып, студенттердің ой – пікірлерін ортаға салуын ұсынды. «Мирас» университеті, «Ақпараттық телекоммуникациялар» кафедрасының магистр, аға оқытушысы С.С.Сайдирасулов студенттерге тек ғана университет білімімен шектеліп қоймай, қосымша курс оқуларының бар екеніне және жан – жақты ізденуін айта кетті. Студенттердің қызығушылықтары артып, бір – бірімен ақпарат алмаса біле отырып, осындай қалалық кездесулердің көп өткізіліп тұруын ұсынды. Кездесу соңында, резолюция, яғни, кездесу жайлы талқыланып, шешім қабылданды.

ОҚМУ «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Л.А.Сулейменова

Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенті және «2019 жылдың үздік студенті»  номинациясының иегері Анарханұлы Ерасыл

«Мирас» университеті, «Ақпараттық телекоммуникациялар» кафедрасының магистр, аға оқытушысы С.С.Сайдирасулов

SILKWAY Халықаралық Университетінің ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша проректоры, РһD докторы Н.С.Жұматаев

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті, Бағжанов Еркебұлан