Рухани жаңғыру – халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар

3 қыркүйек күні «АТжЭ» жоғары мектебінде Білім күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Мамандықтар бойынша жиналыстар өткізіліп, студенттерге университеттің ішкі ережелері, оқу үдерісі туарлы ақпараттар берілді. Жиналыстарға оқытушы-профессорлар, жоғары мектеп деканы және кафедра меңгерушілері қатысты.

Сонымен бірге, 605Г аудиториясында 1 курс студенттері үшін «Рухани жаңғыру – халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар» тақырыбында жоғары мектеп деканы Ғ. Бесбаев дәріс оқыды. Дәріске студенттер, жоғары мектеп оқытушы-профессорлары және ата-аналар қатысты. Студенттерге «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар жол» бағдарламасының негіздері, негізгі міндеттер жайлы мәлімет берілді. Университеттің аталған бағдарлама аясында орындайтын жобалары, мақсат және міндеттерімен таныстырылды.