“Рухани жаңғыруда ақпараттық қоғамның дамуы” тақырыбында іс шара өткізілді.

           Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен 05.10.2018 ж күні “Рухани жаңғыруда ақпараттық қоғамның дамуы’ тақырыбында іс шара өткізілді. Іс шара барысында тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, патриоттық әндер айтылды. Іс-шара барысында заман талабына сай рухани жаңғыруда ақпараттық коғамның дамуы жоғарылап жатқанын баяндамада айтылып, ары қарай жаңғыруға өз үлестерін қосатынын студент жастар атап айтты.Айта кетсек АП 18-2к2 тобының студенті Омар Перизат өзінің жүрегінен шыққан өлеңін айтты.

Елдігім өзгелерден ерік деп бір

Жалынды жастарымды зерек деп біл

Ақпараттар ағымын асқақтатып

Рухани жаңғыруың керек боп тұр.

Арман ойлар алдынбас алашаққа

Батыл бағдар жетелер болашаққа

Ақпараттар ағымы алға жылжып

Біз жетеміз жарқын бір болашаққа

АТ және Э жоғары мектебінің ғылыми зерттеу жұмысының жетекшісі Сарибаев Әбдішүкір іс шараны ашып берді.

 

Рухани жаңғыруға байланысты көрініс көрсетіліп, ән, би шырқалды.

Рухани жаңғыру бөлімінен Тапалов Дүйсенбек Жәнібекұлы сөз алды

 

Іс шара соңында АКТ кафедрасының меңгерушісі Джусупбекова Гулзат Тұрысбекқызы сөз алып, белсенді қатысқан студенттерге алғыс хат табыстады.

 

Іс шараға рухани жаңғыру бөлімінен, кафедра меңгерушілері және кафедра оқытушылары және белсенді студенттер  қатысты.