Шанхай ынтымақтастықұйымы университетінің энергетикалық бағыттағы симпозиумына М.Әуезов атындағы ОҚМУқатысуы(2017 жыл Пекин, ҚХР)

 
Шанхай ынтымақтастықұйымы университетінің энергетикалық бағыттағы симпозиумына М.Әуезов атындағы ОҚМУқатысуы(2017 жыл Пекин, ҚХР)
 
 
2017 жылдың 24-27 қыркүйегінде Пекинде (ҚХР) Шанхай ынтымақтастықұйымы университетінің энергетикалық бағыттағы Симпозиумы өтті.
2017 жылғы ШОС университетінің энергетикалық бағыттағы Симпозиумы ШОС университеті мүшелері-энергетика университеттері арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, инновациялық кадрларға білім беру режимдерін іздеуге, ғылыми ынтымақтастықты тереңдету, жас студенттердің ғылыми лагерін, жазғы лагерлерді ұйымдастыруға, оқытушыларды оқытуға және басқа іс-шараларға бағытталған.
Симпозиумға біздің университеттен университет ректоры Ж.У.Мырхалыков басқарған делегация: ОІ және АТ проректоры - К.С.Байболов, «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканы Г.А.Бесбаев, «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедра меңгерушісі м.а. Бердалиева А.А. барды. Симпозиумда біздің университет ректоры Ж.У.Мырхалыков құттықтау сөзбен сөз сөйледі.
 
Симпозиум жұмысы кезінде
 
                                                                                                                 ШОС елдері мүшелерінің Симпозиумға қатысушылары (Ресей, Тәджікстан, Казақстан, Кытай)
 

Симпозиум шеңберінде біздің делегаттармен қол қойылды: «Шанхай ынтымақтастықұйымы университеті аясында энергетика бағытында магистрлерді дайындау бойынша Солтүстік Қытай электроэнергетикалық университеті (Хуадянь) және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің келісілген білім беру бағдарламалар негізінде білікті мамандарды бірлесе дайындау туралы келісім- шартына», «Шанхайынтымақтастықұйымы университеті аясындаэнергетика бағытында магистрлерді дайындау бойынша Қытай мұнай университеті (ҚМУ) және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің келісілген білім беру бағдарламалар негізінде білікті мамандарды бірлесе дайындау туралы келісім- шартына».

Ван ЦзенпинменЖ.У.Мырхалыковтың Келісімге қол қою сәті

 

Солтүстік Қытай электроэнергетикалық университетімен жасалған шартқа қол қою рәсімінде

 

Қытай мұнай университетінде келісімге қол қою рәсімі

 

Симпозиумда «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканыГ.А.Бесбаевқа және «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасы меңгерушісі м.а. А.А. Бердалиеваға Шанхай ынтымақтастықұйымы университетініңэнергетика саласындағы ми орталығының сарапшы лауазымына тағайындалуы туралы куәлік тапсырылды.

 

Солтүстік Қытай электроэнергетикалық университетінің ректоры Ван Цзенпиннің жоғары мектеп деканы Г.А.Бесбаев пен «ЭжДЭЖ» кафедрасы меңгерушісі м.а. А.А. Бердалиеваға Шанхай ынтымақтастықұйымы университетініңэнергетика саласындағы ми орталығының сарапшы болып тағайындалуы туралы куәлік тапсыруы

 

Біздің делегаттардың іс-сапары мен келісім-шартқа қол қою мақсаты ғылыми-зерттеу саласындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру сапасын және институционалдық дамуды қамтамасыз етуге, энергетика саласындағы ақпаратты тарату және студенттермен, ғылыми қызметкерлермен, педагогикалық кадрлармен алмасуға біздің университеттің қолдау көрсетуі болып табылады.

6М071800 Электроэнергетика мамандығы магистранттары үшін оқу бағдарламасына байланысты бір семестр немесе бір жыл Солтүстік Қытай университетінде, Қытай мұнай университетінде білім алу мүмкіндігі ашылып, транскрипт немесе екі диплом алу мүмкін болып тұр. Әрине бұл университеттерде білім алу үшін ағылшын тілін жақсы деңгейде немесе қытай тілін білу қажет. Бірлескен бағдарлама бойынша білім алу сәтті жұмысқа орналасуға, карьералық өсуге, қазіргі шапшаң өзгеретін заманымызда энергетика трендін сезінуге, электроэнергетикада болып жатқан халықаралық үрдістерге белсенді қатысуға мүмкіндік береді.