Әскери кафедраға конкурс

Әскери кафедраға конкурс негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де күндізгі бөлімде оқитын студенттер және студент қыздар – жасы 25- ден аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қабылданады.
Ақылы және ақысыз негізде запастағы офицерлерді дайындау Бағдарламасымен оқытуға төртжылдық бағдарламамен оқитын 1-ші курс студенттерінен және бесжылдық бағдарламамен оқитын 2-ші курс студенттерінен құжаттар қабылданады.

Әскери даярлықтан өту үшін іріктеу байқауына қатысуға үміткер студенттердің өтініштері әскери кафедрада 2018 жылдың 1-ші ақпанынан 20-шы мамырына дейін қабылданып, әскери кафедра кеңсесінде тіркеледі. Құжаттарды қабылдау №15 ғимарат, №16 кабинет.