Әскери кафедрасына қабылдау туралы

27 қаңтар күні «АТжЭ» жоғары мектебінің 1-ші курс студенттері үшін әскери кафедрасына қабылдаудың ережелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге университет әскери кафедрасының өкілі подполковник Б.А.Шәймерденов шақырылды. Ол әскери кафедрасына оқуға қабылдау тәртібі туралы айтты. Әскери кафедрасына іріктеу қалай өтетіні, іріктеудің талаптары, студенттерді конкурстық іріктеуден өткізу деңгейлері, қажетті құжаттардың тізімі және әскери кафедрасын бітіргенде қандай  әскери шені берілетіні туралы студенттерге нақты түсіндірілді. Студенттер қызығушылық танытып сұрақ қойды, барлық сұрақтарға жауап алды. Кездесу жоғары мектептің деканы Ғ.Ә.Бесбаевтың төрағалығымен өтті, барлық кафедра меңгерушілері қатысты.