«START UP - AQIQAT»

«Ақиқат» пікірсайыс орталығының 15 жылдығына орай М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Басқару және биснес» Жоғары Мектебі және «Ақиқат» пікір сайыс орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдарының зерттеулеріне қолдау көрсетуге бағытталған «START UP - AQIQAT» бизнес-жоспарлар байқауының нәтижесі бойынша «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары Мектебі «Автоматтандыру, телекоммуникациялар және басқару» кафедрасы «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының ИП-15-7а тобының студенты Әмірхан Айгерім «Үздік STАRT UP» номинациясымен дипломымен  марапатталды.

Және де «START UP - AQIQAT» бизнес-жоспарлар байқауының нәтижесінде Әмірхан Айгерімге құны 100 000 теңгелік сертификат тапсырылды.

Әмірхан Айгерім жас ғалым ретінде ұсынылған бизнес-жобасын және зерттеу жұмыстарын М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары Мектебінде орналасқан IT-Орталығының қызметкерлері, ғылыми  жетекшісі Нурмаганбетов Бауыржан Дуйсенбаевич әзірлеген және іске асырған.