Студенттік арнау мерекесі

 №3-ші студенттік жатақханада Студенттік арнау мерекесі ұйымдыстырылып өткізілді.  Мерекеде студенттер қызық әдеби-музыкалық бағдарламаны көрсетті. Осы кеште эстрадалық, халықтық және заманауи әндер орындалды. Сымбатты бишілер қазақ халық биін, үнді биін және заманауи хип-хоп стиліндегі биді орындады. КТК командасы қонақтарды өздерінің әзілдерімен күлдірді. Студенттер домбырада, гитарада музыкалық шығармалар орындады. Кеште түрлі ойындар ойнатылды.