Талапкерге

        Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектептің әлеуметтік сайттар арқылы кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараты
 
        1. Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектеп. (АТжЭ ЖМ) 
        2. Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі математика, математикалық модельдеу, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, ақпараттық жүйелер, электр энергетикасы,   радиотехника, электроника және телекоммуникациялар салалары бойынша мамандар дайындайды.    
        Жоғары мктепте оқу үдерісі  фундаментальді  физика-математикалық дайындықты талап ететін жаңа технологиялармен жабдықталған прогрессивтік ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде  жүргізіледі.
        Құрамында 12 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 47 доценті және ғылым кандидаттары, 4 жоғарғы мектеп үздігі  бар  жоғары мектеп қызметкеткерлері студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше  бағытта  ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. 
        Қазіргі таңда жоғары мектепте білім алатын студенттердің жалпы саны – 1207, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 517. Жоғары мектептің көптеген түлектері шетелде Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүр. Өткен оқу жылдарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та 3 студент білім алып және 2 оқытушы ғылыми біліктілігін арттырды. Оқудағы үздік көрсеткіштері үшін жоғары мектептің 5 студентіне – Президенттік шәкіртақы, ағымдағы оқу жылында 5В071800-Электр энергетика мамандығының 3 студентіне –  олимпиада жеңімпаздарына  оқу гранттары тағайындалған. Ғылым және білім саласындағы ерен еңбегі үшін 4 профессор ғылым және білім министрлігінің «Жылдың үздік ұстазы» атағына ие. Академиялық ұтқырлық бойынша жоғары мектептің 15 астам студенттері Еуропа (Германия, Ресей, Чехия, Кипр, Литва және т.б. ) және Малайзия елдерінде білім алып қайтты.
        3. Жоғары мектеп мамандықтары:

Шифр

Мамандықтар атауы

Бейіндік пәдер комбинациясы

1-ші бейіндік пәп

2-ші бейіндік пәп

  1.  

5В060100

Математика

Математика

Физика

  1.  

5В070200

Автоматтандыру және басқару

Математика

Физика

  1.  

5В070300

Ақпараттық жүйелер
 

Математика

Физика

  1.  

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Математика

Физика

  1.  

5В070500

 Математикалық және компьютерлік модельдеу

Математика

Физика

  1.  

5В071700

 Жылу энергетикасы

Математика

Физика

  1.  

5В071800

Электр энергетикасы
 

Математика

Физика

  1.  

5В071900

 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар    

Математика

Физика

4. Жоғары мектеп кафедралары
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Мусабеков Ахметбек Ақылбеквич, байланыс телефоны: 8(7252)  30-14-12. 
5В070200 – Автоматтандыру және басқару
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Басқару және автоматтандыру бакалавры;
5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
бакалавры.
Ғылыми атағы және дәрежесі бар оқытушылар құрамының үлесі 42,85% (ОПҚ барлығы-35; 2-т.ғ.д., профессор, 13-т.ғ.к., доцент,  9-аға оқытушы, 18-магистр).
        
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент Ахметова Сабира Тастанқызы, байланыс телефоны: 8(7252)  30-14-12. 
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру бакалавры.
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі 52% құрайды.( ОПҚ барлығы-27, 4 ғылым докторлары, 1 PhD докторы, 9 ғылым кандидаттары мен 12 магистрлер қызмет атқаруда. 
        
«Математикалық әдістер мен модельдеу»  кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент  Иманбаева Айгүл Баратқызы, байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-67.
5В060100 – Математика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Математика бакалавры
5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі 72,7% құрайды. Құрамында 4 ғылым докторы, 1 PhD докторы, 3 доценті және ғылым кандидаттары, 3 магистрлер  қызмет атқаруда.
        
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Өтебаев Қалмұрат Әбдіразақұлы, байланыс телефоны: 8(7252) 30-05-88.
5В070300 – Ақпараттық жүйелер
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі-45,45%. (Жалпы профессор оқытушылар құрамы-22, соның ішінде 2 т.ғ.д., профессорлар, 1 PhD докторы және 8 т.ғ.к., доценттер)
        
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Бердалиева Айдын Абдуллаевна, байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.
5В071800–Электроэнергетика
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Электроэнергетика бакалавры
5В071700 – Жылуэнергетика 
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілігі: Жылуэнергетика бакалавры
Ғылыми атағы, дәрежесі бар оқытушылар үлесі 33,3% құрайды.
Оқытушылар  саны  21,   соның ішінде 2 т.ғ.д., профессорлар, ғылыми дәрежесі  мен атағы бар оқытушылар – 5.
        
5. Жоғары мектеп зертханалары

  

   

  

Радиоэлектроникалық және микропроцессорлік қондырғыларды зерттеу, дайындау, мотаждау және электрлік параметрлерінің сипаттамаларын зерттеу  арналған зертханалық стендтер

 

 

 

Автоматтандыру және басқару мамандығы студенттеріне арналған зертханалық кешендер

Э4-СК «Электротехника, электроника, электрлік  машиналар, электржетек» зертханалық кешені

«Релелік қорғанысты электрлік жүйе моделі» зертханалық кешені  

«Өндіріс және азаматтық қорғаныс ғимараттарындағы  электр қондырғыларын монтаждау және  баптау» зертханалық кешені

«Электрмонтаждаушылар мен электрмонтерлерін дайындау» зертханалық кешені

«Датчиктер, олардың  түрлендіру және берілгендерді санға  айналдыру жүйесі» зертханалық  кешен

«Электр тізбектері теориясы» пәнінен зертханалық кешен

Электротехникалық зертханалық стенд  СИПЭМ - 3

«Жылулық сору насосы» зертханалық стенді

                                    Автономды фотоэлектрлік жүйені игеру-зертханалық қондырғы                                     
Шығыс кернеуі 12 В.   сиымдылығы – 120 А/ч.    

Күн батареяларын зерттеу –зертханалық стенді
Куат шыңы  6 Вт. 
Куат шыңындағы кернеуі  8,7 В.  
Куат шыңындағы ток мөлщері 0,65 А.

 

  Екі конфигурациялы жел  электростанциялары: 
1.    Номиналды қуаты 2000 Вт, лопасттар диаметрі -4 м;  генератордың шығыс кернеуі 
96 В,  комплекттеу аккумулятор сиымдылығы  800 А/ч.
2.    Номиналды қуаты 600 Вт, лопасттар диаметрі -2,8 м;  генератордың шығыс кернеуі 
24 В,  комплекттеу аккумулятор сиымдылығы  300 А/ч.

Жел энергиясын қолдану бойынша қондырғыда мынадай сипаттамаларды зерттеу үшін колданылады:
•    Жел генераторының айналдыру жылдамдығын өлшеу;
•    Желдің минималды жұмысшы жылдамдығын өлшеу;
•    Бейтарап жүріс сипаттамаларын келтіру;
•    Жел генераторларының жүктеме сипаттамаларын келтіру.
        
6.Жоғары мектеп жатақханасы. №3 жатақхана мекен-жайы Шымкент қ. Рысқұлбеков көшесі 3 үй.

№3 жатақхананың сыртқы көрінісі

№3 жатақхананың асханасы

№3 жатақхананың акт залында студенттер арасында байқау жеңімпаздарын құттықтау сәті

 

№4 «Г» корпустағы (2-қабатта) студенттік асхана

 

7. Студенттер өмірінен ақпарат

Алыс шет елдерден шақырылған лекторлар дәріс өткізуде

 

Малайзия елінен келген профессорлар

Студенттік тәрбие сағаты

Жоғары мектеп ару қыздары «ОҚМУ аруы» іс-шарасында

Университет көлемінде өткізілетін «Масленица» іс-шарасынан көрініс

Студенттік «КВН»

Жоғары мектеп студенттерінің Бозбала мен Бойжеткен байқауына қатысу сәті

АТжЭ ЖМ бітіруші түлектерге диплом тапсыру іс-шарасынан көрініс

 

Үздік түлектерге университет ректоры диплом тапсыру сәті

 

 

Мәскеу профессорларының  дәстүрлі емес энергетиканың перспективті бағыттары туралы дәрістері.

Өндіріс  өкілдерімен кездесу

Жоғары мектеп студенттері  сенбілікте

 

Студенттердің студенттік   ғылыми- практикалық  конференцияда
Студенттердің спорттағы жетістіктері

 

        Жоғары мектеп студенттерінің  арасында халықаралық  деңгейдегі спорт жетістіктеріне қол жеткізгендері бар.  ИП-12-4к2  тобының студенті Елубай Акбар   еркін  күрестен  5 мен  12 аралығында  Уланбаторда  (Монголия)  өткен  жасөспірімдердің  Азия чемпионатында  жүлделі  екінші  орынды  жеңіп  алды.  
        Қазақстан   Республикасының   жасөспірімдер  арасындағы  үш дүркін   чемпионы, еркін күрестен  спорт  шебері,    Азия чемпионатының күміс жүлдегері     Елубай Акбар болашақта  спорттық   карьерасын   жалғастыруға мүдделі.  

 

        Сондай-ақ жоғары мектеп  кафедра студенттері  универсиадаға,  студенттер арасындағы спартакиадаға және  басқада  спорттық турнирлерге қатысады. Сонымен қатар жыл сайын жоғары мектеп студенттері арасында футболдан турнир өткізіледі.

Қысқы 28 студенттік универсияданың алауын алып өту іс-шарасынан көрініс 

  

 

Жоғары мектеп студенттерінің дәрістерге қатысу сәті

Жоғары мектеп  магистранттары  ғылыми-зерттеу іс-тәжірбиесінде

 

 

        Магистранттар екі дипломдық бағдарлама бойынша Германияда (Гамбург қ.) және Малайзияда (Путра университетінде) дәріс алады.