Техникалық мамандықтарға арналған шет ел тілдері

 

Кафедра меңгерушісі

Мақұлбек Азамат Болатбекұлы

филология ғылымдарының кандидаты

 

 

 

Мекен-жайы: 160012, Шымкент қ., Тәуке хан даң., 5. ОҚМУ, «4» корпусы

«Техникалық мамандықтарға арналған шет ел тілдері» кафедрасы.

Телефоны: 8(7252) 30-12-76

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да бірнеше шетел тілдері кафедрасы бар. Солардың бірі өзінің негізін 1955 жылы қалаған жарты ғасырдан астам тарихқа ие «Техникалық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасы. Кеңес Одағы тұсында ҚазХТИ құрамында жұмысын жандандырған ұжымның асқан белестері, қол жеткізген жетістіктері мен жинаған тәжірибесі аз деуге болмайды. Осы уақыт аралығында ұжымға бес кафедра меңгерушісі Р.М.Ким, Н.Ф.Сокольская, Х.Т.Оспанова, Г.К.Карбозова, А.Б.Мақұлбек, сынды филология ғылымдарының кандидаттары басшылық жасап, әрқайсысы өздерінің күш жігерімен, тың идеяларымен кафедра тарихында өзіндік ізін қалдырып келеді.

Бүгінгі таңда кафедра шетел тілін оқытудың заманауи үлгілерін қолданып, халықаралық талапқа сай жауап бере алатын ұжымдардың бірінен саналады. Бұған 2008 жылы «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі» факультетінің жеті мамандығын, 2010 жылы «Ақпараттық технологиялар» факультетінің төрт мамандығын халықаралық аккредитациядан өткізу барысында көрсеткен студенттердің және кафедра оқытушыларының неміс және ағылшын тіліндегі жұмыстарының нәтижесіне Германияның ASIIN аккредиттеу орталығы эксперттерінің берген «өте жақсы» деген бағасы дәлел бола алады.

Осындай жақсы жетістіктерге кафедрада жүргізілетін халықаралық байланыстар бойынша атқарылған жұмыстар негіз бола алады. Атап айтсақ, бірнеше халықаралық бағдарлама грантын иемденіп кафедра доценті Хадиша Оспанова өзі меңгерушілік қызмет еткен жылдары Американың Иллинойс штатында (1997), Огайо штатында (2002) бес айлық тағылымдамада, Ұлыбританияның Уэльс қаласында (2005) семинарда; аға оқытушы Бибі Дарибаева Францияның Монпелье қаласында (2000) педагогикалық тағылымдамада; филология ғылымдарының кандидаттары Гүлнара Карбозова мен Мөлдір Шоймановалар Англияның Кембридж университетінде (2010) ғылыми тағылымдамада, аға оқытушы Ырыскүл Избасова Германияның Фрайбург (2012) қаласында біліктілікті жоғарылату семинарында болып, алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін әрдайым оқытушылармен бөлісіп, сабақ барысында қолданылып, нәтижесі іс жүзінде көрсетілуде.

Оқытушылардың кәсіби білімі мен біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп отыруы үлкен шеберлікке бастайтын жол екенін, ал ол жолда көптеген шығармашылық ізденістер қажет екенін жете түсінетін кафедраның қазіргі меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Азамат Мақұлбек бұл бағытта ұжым мүшелеріне демеу беріп, назарынан тыс қалдырған емес. Ағымдағы оқу жылында ұжым меңгерушісінің бастамасымен кафедрада түрлі деңгейдегі әдістемелік семинарлар ұйымдастырды. Тек біздегі шетел тілін оқытудың әдістерімен ғана емес, өзге елдердің озық үлгідегі тәжірибелерін зерттеу, жинақтау, танысу, оларды практикалық сабақтарда қолдану мақсатында да шет елдерден келген оқытушылар мен тіл тасымалдаушылардың жүргізуімен бірнеше семинарлар ұйымдастырылды. Айталық, осы жылдың мамыр айында Берлиннен келген DAAD өкілі Яна Боем біздің университетте оңтүстік аймағы оқытушылармен екі күндік біліктілікті жетілдіру семинарын  және АҚШ-тың Кентукки университетінің PhD докторы, профессор Миранда Стюарт пен Крейтон университетінің докторы Лидия Купер және тағы басқа тіл мамандарымен біліктілікті жоғарылату мақсатында жүргізген тағылымы мол, қызықты  семинарларға куә болдық.

«Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының     аға оқытушысы Шымырбекова Айгүл қазан айы 2014 пен мамыр айы 2015 жылдар аралығында Ұлыбритания елі, Лестер қаласының Лестер Университетінде «Білім беру Менеджменті» тақырыбында алты айлық стажировка өтіп келді.

Стажировканың мақсаты білім беру процесінде дәстүрлі тәсілмен қатар жаңашыл технологияларды пайдалану арқылы білім берудің сапасын арттыру және әр түрлі сандық оқыту мүмкіндіктеріне қол жеткізу.

Тәрбие мен оқудың егіз екенін негізгі ұстанымына айналдырған ұжым оқытушылары студенттерді шетел тілінде қарым-қатынас жасауға дағдыландырып ғана қоймай, аудиториядан тыс уақыттарында сан түрлі тақырыптарға «әңгіме, дөңгелек үстел, пікірталас, сайыстар, тәрбие сағаттарын» өткізіп дәстүрлі түрде қаладағы балалар үйіне  олардың жан-жақты жетілген тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасап отырады.

Осы кафедраның аға оқытушысы Конанова Анар Есиркепқызы Қазақстандағы Франция елшілігінің ұйымдастыруымен ұлттық педагогикалық жобаны жеңіп алып, Франция мемлекетінің Гренобль қаласында Стендаль Университетінің Тілдік орталығында 2016 жылдың 18 шілде мен 30 шілде аралығында педагогикалық тағылымдамадан өтіп келді.

Тәрбие мен оқудың егіз екенін негізгі ұстанымына айналдырған ұжым оқытушылары студенттерді шетел тілінде қарым-қатынас жасауға дағдыландырып ғана қоймай, аудиториядан тыс уақыттарында сан түрлі тақырыптарға «әңгіме, дөңгелек үстел, пікірталас, сайыстар, тәрбие сағаттарын» өткізіп дәстүрлі түрде қаладағы балалар үйіне  олардың жан-жақты жетілген тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасап отырады.