«Ұлы дала –ел дамуының қозғаушы күші» атты тақырыпта студенттердің ғылыми конференциясы өтті.

2019 жылдың 3-5сауір күндеріМ.Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ұлы дала –ел дамуының қозғаушы күші» атты 22-ші Республикалық студенттік  ғылыми конференциясы болып өтті. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» секциясында 42 студенттің баяндамаларын тыңдау жоспарланған. Секцияның жұмыс барысында жоспарланған 42 баяндама тыңдалды және олардың 8-і марапатталды.