«Ұлы даланың жеті қыры, Ұлт тарихы-ұрпақ мақтанышы»

     20 қараша 2019 жылы «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының оқытушысы Д.О. Төребек пен аға оқытушы С.Н. Құрбанбаева ИП-19-4к4 топ студенттерімен «Ұлы даланың жеті қыры, Ұлт тарихы-ұрпақ мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Елбасы мақаласындағы Ұлы даланың тарихына, салт-дәстүріне, өнері мен фольклорына, музыкасына, ұлы есімдеріне, киносы мен телевизиясына, сондай-ақ тарихи сананы жаңғыртуға арналған ұстаным-тұжырымдарды саралау, тарихымызды тереңнен тануға атсалысу.