«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!»

ИП-16-6к2 группаның кураторы  А.Т.Сапаровамен  «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн атап өтті. Науырыз мекересін  қариялар аузынан жазып алынған батаның бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз. Студенттер өз өнерлерін келген қонақтарға Тұсау кесу көрінісін көрсеті: Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Тұсау кесуге жоғары мектептің деканы Ғ.Бесбаев шақырылды. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Бүгінгі күні Амантай Әпкенің өзінің немересі Альтаирдың «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізді. Сонымен ашық сабағымыз өз мәресіне жетті. Келесі сөзді бүгінгі мейрамның қадірлі қонақтарына бердік.