Универсиада-2017 алауы Шымкентте

28 қаңтар күні «АТжЭ» жоғары мектебінің ОПҚ және студенттер 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 Эстафета Алауын жандыру церемониясына белсене қатысты. Әл-Фараби алаңында Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі сөз сөйлеп церемонияның ресми бөлімі өтті. Универсиада алауын Шымкент қаласының көшелерінен ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, 2016 жылдың Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл және басқа да Қазақстан спортшылары алып өтті. Алматы қаласында 29 қаңтардан 8-ші ақпанға дейін өтетін XXVIII Бүкіләлемдік студенттік ойындарында 55 елдің 2000 студенті қатысады.