Ұстаз Ұлы Тұлға

«Энергетика және дәстүрліемес энергетикалық жүйелер»  кафедрасында  06.10.2016 күні сағат 09-30-да 504Г аудиторияда  ИП-16-4к2  тобының «Ұстаз Ұлы Тұлға»  атты ашық тәлімгер сағаты (тәлімгер К.Ильясова)  өтті. Бірінші курс студенттері  Ұстаздар күніне  өте мұқият дайындалыпты.

Іс-шарада студенттер өлең оқыды, домбра тартты,  сондай-ақ оқытушылар фотографиясынан дайындалған слайд-шоу көрсетті. Ашық тәлімгер асғатына жоғары мектеп деканының орынбасары Е.М.Утебаев,  «ЭжДЭЖ»  кафедрасының меңгерушісі  А.Ф. Романенко,  жоғары мектептің аға тәлімгері Ж.Нышанбаева,  оқу-тәрбие бөлімінің  өкілі, кафедраның аға тәлімгері  және жоғары мектептің басқа да тәлімгерлері қатысты.  Ұстаздар күніне арналған мерекеден  оқытушылар үлкен эмоциялық оң заряд алса,  студенттер өз ұстаздарымен жақынірек танысты.