Юлих қаласы (Германия) Күн энергиясы институтының ғалымдары

2017 жыл 10-16 мамыр аралығында, Юлих қаласы (Германия) Күн энергиясы институтының ғалымдары энергетика саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобасының жаңа инновациялық технологияларды дамыту үшін ОҚМУ ғалымдармен кездесті. Екі жақты кездесуде, Бонн университетінің профессоры Стефан Курцман, Күн энергиясы институты директоры Ульф Герман, институт Энергетика және жаңартылатын энергия көздері департаменті жетекшісі КристианоБоура және «АТ және Э» жоғары мектеп ғалымдары қатысты. ОҚО әкімі орынбасары Ж. Бөкенбаев шалғай елді мекендерді электр қуаты және ауыз сумен қамтамасыз ететінжобамен танысып, неміс профессорларымен кездесті. Оңтүстік Қазақстан облысында бірлескен ғылыми-зерттеу жобасының жаңа инновациялық технологияларды дамыту үшін екі жоғары оқу орындарының ғалымдары, Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесті.