Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер (Ыбырай Алтынсарин)

04.10.18 күні «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасының аға оқытушылары Мамекова С.Қ., Қурбанбаева С:Н. ХТ 18 2к1 тобының студенттерімен «Қоғамдағы рухани адамгершілік тәрбиенің маңызы мен рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді. Сабақ барысында «Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер», «Адамгершілік - бұл рухани тәрбие, «Студенттерді рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе», «Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді» деген тақырыптар қарастырылды.

Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер жастарды тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.