Жарайсың Жарылқасын!

«Ақпараттық технологиялар және энергетика» Жоғары мектебінің ИП-16-4кс тобының студенті Рүстембеков Жарылқасын XVII Азия армрестлинг чемпионатының 55 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алғаны үшін марапатталады.

Спорт  тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Ал, қоғамның тірегі болатын, оның іргесін бекітетін қашанда осындай жаны да, тәні де мықты азамат болғай. Сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанатын студенттер жылдан жылға көбейіп келеді, ал Жарылқасын спорт денсаулықтың сенімді кепілі екендігін дәлелдеп келеді. Біз өзіңмен мақтанамыз!