Жатақханадағы жас толқын!

№3 жатақханада «Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ-нің студенттерінің ұйымдастырумен 1-курс студенттеріне арналған Студенттік арнау кеші болып өтті. Кеш барысында жатақхана өмірінен студенттер көрініс көрсетіп, ән-би өнерлерін ортаға салды. Түрлі ойындар ойнатылып, күмбірлеген күйлер орындалды. Кеш өте қызықты өтті.