Жоғары мектеп туралы

Жоғары мектеп деканы

Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы

ф.-м.ғ.к., доцент

 

Мекен-жайы:  М.Әуезов ат. ОҚМУ, «4» ғимараты, 608 бөлме

Телефон:  8(7252) 21-19-69

e- mail:  ITTAS@mail.ru

 

 

2016-2017 оқу жылында ағылшын тілінде білім беру топтарын оқыту туралы мәліметтер

Жалпы мәлімет

Ақпараттық технологиялар факультеті өзінің бастауын 1962 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасының ашылуымен және «Химия-технологиялық өндірістерді автоматттандыру және кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдауымен байланыстырады. Бастапқыда кафедра Механикалық факультет құрамында болған. 1982 жылы «Химиялық өндірістерді автоматтандыру» кафедрасынан «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасы жеке кафедра болып бөлініп шықты және 1989 жылы осы кафедрада «Химиялық кибернетика» мамандығы ашылды. 1982-1988 жылдар аралығында Қазақ химия-технологиялық институтында «Автоматтандыру және тоңазытқыш техникасы» факультеті жұмыс атқарды. 1991 жылы «Химиялық технологиялар және кибернетика» факультеті құрылды.

1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультеті ресми түрде ашылды. 2002 жылы Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер факультетінде 5 мамандық бар болатын, оның ішіндегі 3 мамандыққа «Информатика»  және «Электр энергетикасы» қосылды, 2 жылдан кейін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы ашылды. 50 жылдан астам тарихы бар факультетте 8 мамандық бойынша жоғары білімді 5 мыңнан астам мамандар білім алып шықты, 82 ғылым кандидаттары  және 10 ғылым докторлары даярланды.

Іс жүзінде Шымкент және Тараз қалаларының химиялық кәсіпорындарын 90%  автоматтандыру инженерлерімен қамтамасыз етуде,  сонымен қатар банк жүйесінде, Шымкент қаласындағы өнеркәсіп ақпараттық жүйелердегі инженер-бағдарламалаушы қызметін атқарушы мамандардың жартысынан көбі факультет түлектері болып табылады.

 

1997 жылы «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультетін т.ғ.д., профессор Ескендиров Шәріпжан Заханұлы басқарды.

1999-2001 жылдары факультет деканы болып ф-м.ғ.к., доцент  Бименов Мырзағали Аязұлы тағайындалды.

2001-2004 жылдары т.ғ.д., профессор Үмбетов Өмірбек Үмбетұлы факультетке басшылық жасады.

2004-2008 жылдары ф-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Төребай Әбдірахманұлы факультет деканы болып қызмет атқарды.

2008-2009 жылдары факультет деканы (сол уақытта АТТАжЭ институт директоры) ф-м.ғ.к., доцент  Медетбекова Рыскүл Әшімәліқызы болды.

2009 жылдың тамыз айынан бастап факультетке ф-м.ғ.к., доцент Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы басшылық етуде.

2012 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар» факультеті болып өзгертілді.

2014 жылы факультет атауы «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі болып өзгертілді.

 

Профессор-оқытушылар құрамында 1 ҚР ҰҒА академигі, 11 ғылым докторы, 47 доцент пен ғылым кандидаттары, 4 жоғары мектеп еңбек сіңірген қайраткері және 4 ҚР ЖОО үздік оқытушысы бар факультет ұжымы, студенттер және магистранттардың қатысуымен бірнеше бағытта ғылыми зерттерулер жүргізіп келеді.

Қазіргі таңда факультетте тәлім алатын студенттердің жалпы саны – 1198, оның ішінде грант негізінде білім алатындары – 590.

Факультет студенттері және магистранттары Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ, Малазия және Түркия жоғары оқу орындарында оқып жүр. Оқудағы үздік білімі, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ғылыми ізденістері үшін факультеттің 12 студентіне – Президенттік шәкіртақы тағайындалды.

Қазіргі уақытта факультет 5В060100-«Математика», 5В070500-«Математикалық және компьютерлік модельдеу», 5В070200-«Автоматтандыру және басқару», 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В070300-«Ақпараттық жүйелер», 5В071800-«Электр энергетикасы», 5В071700-«Жылу энергетикасы», 5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша мамандар дайындалуда.

Факультетке қарасты кафедралардағы оқу үрдісі фундаменталды физика-математикалық дайындықты көздейтін және жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, прогрессивті ғылыми-техникалық және педагогикалық концепциялар негізінде құрылған.

МАМАНДЫҚТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

5В060100-Математика

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Математика бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: кәсіби қызметінің объектілері – математика және қолданбалы математика; математика және жүйелік бағдарламалау; экономикадағы математика; актуарлық математика салалары. Математика бакалавры төмендегі қызметтерді атқара алады: ұйымдық-басқару құрылымдарында маман, жетекші маман, жетекші математик-инженер, математик-программист, математик-экономист, математик-актуарий; орта-арнаулы және орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда және білім мекемелерінде математика, информатика, математика және информатика пәндерінің оқытушысы.

Жұмысқа орналасу орындары: ЖОО-лар, ғылыми-зерттеу мекемелері, білім беру мекемелері, банк жүйесі, сақтандыру компаниялары, қаржылық құрылымдар.

5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: ғылыми зерттеу мекемелері; телекоммуникация мекемелері; білім беру мекемелері; түрлі өнеркәсіп орындары.

Жұмысқа орналасу орындары: ұйымдық-басқару ұйымдарда маман, бас маман, бас инженер, инженер-бағдарламалаушы; орта-арнайы және техникалық білім алатын мекемелерде математика, информатика, физика пәнінің мұғалімі; жүйелік әкімшілік программисті; математикалық және компьютерлік пішіндерді жасау және математик-программист ретінде жобалау мекемелерінде қызмет атқарады.

5В070200-Автоматтандыру және басқару

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Басқару және автоматтандыру бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Түлектер өндірістің барлық саласында ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана отырып, басқару мен техникалық жүйелерге байланысты автоматтандыру, басқару және ақпараттандыру жұмыстарымен айналысады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары әртүрлі өндірістердің технологиялық процесстерін автоматтандырылған басқару жүйесі, әртүрлі бағыттардағы автоматтандырылған ақпаратты басқару жүйелері, әртүрлі бағыттағы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және жіберудің автоматтандырылған жүйесі, жүйелерді, объектілерді, құрылғыларды жобалаудың автоматтандырылған жүйесі, әртүрлі өнімдерді өндіруді технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі, өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы бөлшектерді, бұйымдарды, тораптарды, құрылғыларды кешенді сынаудың автоматтандырылған жүйесі бола алады. Кәсіби қызметінің түрлері – сервистік-эксплуатациялық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық, жобалау-конструкторлық, эксперименттік-зерттеу қызметі. Жұмысқа орналасу орындары: Әртүрлі өндірістер, кәсіпорындар, мекемелер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, автоматизация менеджері ретінде әртүрлі фирма және компанияларда қызмет атқарады.

5В070300-Ақпараттық жүйелер

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Ақпараттық жүйелер бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Бітірушілердің қызмет ету саласына мемлекеттік және жеке өнеркәсіптер мен ұйымдар, түрлі аумақтағы құрылатын, ендірілетін және қолданылатын ақпараттық жүйелер саласында.

Жұмысқа орналасу орындары: машина жасау, металлургия саласында, көлікте, телекоммуникацияда, білім және ғылым саласында, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету орталарында, әкімшілік басқармаларда, экономика және бизнесте, қызметтің барлық іске асатын түрлі технологиялармен басқару салаларында қызмет атқарады.

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. машина жасау, көлік, металлургия, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика және бизнес, әртүрлі техникалармен басқару, қызмет етудің барлық саласында.

Жұмысқа орналасу орындары: машина жасау, көлік, металлургия, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету мекемелерінде қызмет атқарады.

5В071800-Электроэнергетика

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Электроэнергетика бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: бітірушілердің кәсіби қызметі ғылым мен техника аймағы болып табылады. Ол электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдайлар құруға бағытталған технология, құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Бакалавр төмендегі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: электр станцияларының және қосалқы станцияларының, электр жүйелері мен тораптарының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, өнеркәсіптің түрлі салалық кәсіпорындарын электрмен жабдықтау, электр энергетикалық жүйелерінің релелік қорғаныс және автоматтандырылуы, жарық техникасы және жарық көздері, электр технологиялық қондырғылар мен жүйелердің, электр оқшамалау және кабельдік техниканың, электрмеханиканың дәстүрлі емес және энергияның қайта жаңғырылатын техникалық қызметін және қызмет ету сапасын бақылау, жетілдіру, жаңғарту және жақсартуды жүргізеді.

Жұмысқа орналасу орындары: АЭС, ГЭС, подстанциялар, телекоммуникация мекемелері; машина құрылысы, металлургия, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп орындары, ғылыми зерттеу мекемелері; білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

5В071700-Жылуэнергетика

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: жылуэнергетика бакалавры

Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызметi энергетикалық жүйелер мен кешендер; автономдық обектiлердi энергиямен жабдықтау жүйелерi; энергетикалық қондырғылар; дәстүрлі емес және қайталанатын энергия көздері негізіндегі энергетикалық қондырғылар және кешендер; өндірістің жылутехнологиялық қондырғылары; жылуды өндіруші, таратушы және қолданушы технологиялық қондырғылар.

Жұмысқа орналасу орындары: жылу электр станциялары; өндiрiстiк және жылытулық қазандары; энергиятасығыштарды өндіру және тарату; жылыту және жылу желілері; жылу тәсілдемелік және жылу энергетикалық өнеркәсібтерінде бакалаврлар 1-категориялы техниктердің бастапқы қызметтеріне, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері қызметтеріне олардың еңбек стажына талап қойылмастан алынады.

5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Оқу мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры

Кәсіби қызмет ету саласы мен мазмұны: Кәсіби қызмет ету өрісі адам іс-әрекетінің ақпаратты қашықтықтан алмасуға, ақпаратты электрондық құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар және информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіру жатады, олар – байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері; көпарналы телекоммуникациялық жүйелер; радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда; дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, электроакустика және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары; деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары; нысандарды электрондық және компьютерлік басқару, ақпаратты түрлендіру; телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары; телекоммуникациялық жүйелер мен тораптарды метрологиялық қамтамасыз ету құралдары; телекоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг; телекоммуникациялық құрылғыларды қажетке жарату мен сервистік қызметтер көрсету саласы.

Жұмысқаорналасу орындары: Деректерді тарату жүйелері мен АТС бар кез-келген кәсіпорындарда мекемелерде, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында, әртүрлі фирма және компанияларда байланыс менеджері ретінде қызмет атқарады.

Анықтамаларды төмендегі телефондар арқылы алуға болады:

Жоғары мектеп деканы - ф-м.ғ.к., доцент Бесбаев Ғани Әбзелбекұлы,

байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-69

Жоғары мектеп декан орынбасары доцент м.а. Өтебаев Ерлан Мұсатайұлы, байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-67

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., аға оқытушы Мусабеков Ахметбек Ахылбекұлыбайланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент Ахметова Сабира Тастановна,  байланыс телефоны: 8(7252) 30-14-12.

«Математикалық әдістер мен модельдеу» кафедрасының меңгерушісінің м.а., д.ф.-м.к. доцент Иманбаева Айгуль Баратқызы,байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-67.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Өтебаев Қалмұрат Әбдіразақұлы, байланыс телефоны:8(7252) 30-05-88.

«Энергетика дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі м.а., т.ғ.к. аға оқытушы Бердалиева Айдын Абдуллаевна, байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.

«Экономикалық және техникалық мамандықтарға бойынша шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., аға оқытушы Мақұлбек Азамат Болатбекұлы,

байланыс телефоны: 8(7252) 30-12-76.

«Информатика» кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доцент Медетбеков Муратбек Мухалбекұлы, байланыс телефоны:8(7252) 30-05-88.

АТжЭ – жоғары мектеп модераторы Тилеуов Ғамидулла Есболұлы, байланыс телефоны: 8(7252) 21-19-67.