Жұмыс берушілермен кездесу

5В060100-Математика, 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 5В070200-Автоматтандыру және басқару, 5В070300-Ақпараттық жүйелер, 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу, 5В071800- Электроэнергетикасы  және  5В071700- Жылуэнергетикасы мамандықтарының түлектерін  жұмысқа орналасу мәселері шешімін  және олардың кәсіптік карьерасының перспективаларын кеңейту  мақсатында жыл сайын     «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА»  жоғары мектебі  «Жас маман»  бос жұмыс орындар жәрменкесіне  қатысады. Биылғы   «Жас маман - 2017»  бос жұмыс орындар жәрменкесіне  төмендегі өнеркәсіптер мен  ұйымдардың өкілдері шақырылды:   ЖШС «Эталон-АТсервисі» ЖШС,  «Связьмонтажстрой» ЖШС , «Юг-Асар» ЖШС,  «Су-метрлік компьютерлендіру» ЖШС, IT – орталығы Ресей АҚ «Бизнесті дамыту Даму қоры»,  АҚ «Энергоинформ» Оңтүстік филиалы, ЖШС «КазСтройЛюкс»,  ТОО «Нимекс», Техникалық лицей, Қазақстан инженерлік-педагогикалық университеті ХД, ЖШС «ОңтүстікЖарықТранзит»,  «3-Энергоорталық»  АҚ,  «Облыстық Энергетика Бавсқармасы» ТКШ  және т.б. Энергетика, автоматтандыру және басқару,  ақпараттық  жүйелер, жылуэнергетикасы  басқа да көптеген саласының мамандары  2016-2017 оқу жылының  түлектерімен  кездесуі өтті. Жұмыс берушілер түлектердің  түйінін қабылдады, сондай-ақ  жұмысқа қабылдауға   арналған  және  одан ары бос жұмыс орындар  пайда болғанда хабарласу  мақсатына  бағытталған   сауалнамалар жүргізді.