Жұмыс берушілермен кездесу

2020 жылдың 18 ақпанында «Энергетика және дәстүрлі емес энергия жүйелер» кафедрасы «Электрэнергетика», «Жылуэнергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының білім алушыларына «3-Энергоорталық» кәсіпорнының Еуразиялық тобы (ERG) өкілдерімен кезекті кездесуін ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты - дарынды жастарды кәсіпорындағы сұранысқа ие орындарға тарту. 

Кездесуде кәсіпорының басқа компанияларға қарағанда бәсекелестік артықшылықтары және компанияның алдағы жылдарға даму перспективалары туралы ақпарат ұсынылды.

«3-Энергоорталық» мамандарының жұмыс күндері туралы бейнефильм көрсетіліп, Энергетика мәселелері бойынша викторина ойнатылды.