«Жылдың үздік студенті»

«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық жүйелер және моделдеу» кафедрасының студенті Анарханұлы Ерасыл Қазақстан Республикасы «Білім -өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен оқу барысында білім, ғылым, спорт, өнер саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жылдың үздік студенті» атты төсбелгісімен мараппаталды. Ерасылдың есімі республикалық үздік студенттердің «Жас қыран» кітап коллекциясының 1-нөміріне енгізілді. Жеңісін құтты болсын!