«Адам-бұл дәуір. Дінмұхаммед Ахметұлы Конаев» атты тақырыпта ИП 19-4тк және ИП 19-2к топтары арасында ашық тәлімгерлік сағат өткізілді

24.11.2021 жылы «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында, кафедраның PhD докторы, доцент Сахметова Гульмира Едиловнаның бастамасымен «Адам-бұл дәуір. Дінмұхаммед Ахметұлы Конаев» атты тақырыпта ИП 19-4тк және ИП 19-2к топтары арасында ашық тәлімгерлік сағат өткізілді. Тәлімгерлік сағатта Дінмұхаммед Ахметұлы Конаевтың өмір жолы, өз елінің ауыр жүгін арқалаған кезеңдер, адами қасиеттері және кемел ұрпақтың болашағы үшін жасалынған жасампаз істері сөз болды.