«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында шетелдік ғалым, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Фатима Халид (Малайзия Путра университеті) студенттер мен магистранттарға арналған тренинг өткізді

 

 

14.12.2021ж. Г ғимараттың 705  аудиториясында «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында шақырылған шетелдік оқытушы ғалым,қауымдастырылған профессор, PhD докторы Фатима Халид (Малайзия Путра университеті) 6В06120-Ақпараттық жүйелер және 6В06140-Математикалық және компьютерлік модельдеу Білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарынатренингөткізді.

Matlab көмегімен цифрлық кескінді өңдеу бойынша 4 сағаттық семинар өткізілді. Оқытушы Matlab бағдарламалық пакетінің мысалын қолдана отырып, Matlab цифрлық кескінді өңдеу үшін қалай қолдануға болатынын түсіндірді және көрсетті. Студенттер мен магистранттар оқу тақырыбын тереңірек түсіну үшін оқытушы қойған өз тапсырмаларын да шешті.