«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында шетелдік ғалым, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Фатима Халид (Малайзия Путра университеті) студенттер мен магистранттарға арналған мастер класс өткізді

2021 жылдың 15 желтоқсанында Г ғимараттың 705  аудиториясында «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында шақырылған шетелдік оқытушы ғалым,қауымдастырылған профессор, PhD докторы Фатима Халид (Малайзия Путра университеті) 6В06120-Ақпараттық жүйелержәне 6В06140-Математикалық және компьютерлік модельдеу Білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына шеберлік сыныбын өткізді.

Әдебиеттерге шолу қалай жасалады?- деген тақырыпта 3 сағаттық шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбында студенттердің ғылыми ізденістері бойынша толық ақпарат және әдебиеттерге шолуды жүргізу алгоритмі берілді. Мастер-класс бакалавриатжәне магистратура курстарын аяқтау үшін өте пайдалы болды.