Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер

Кафедра меңгерушісі

Турымбетова Гульзухра Джурабековна

PhD докторы, доцент 

 

 

 

 

 

 

Мекен-жайы: Шымкент қаласы., Тәуке-хан данғ. 5, ОҚМУ, 4 корпус, каб.501 «Э ж ДЭЖ» кафедрасы

Жұмыс телефоны: 30-12-76, 

E-mail: 17-07-70@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Оқу бағдарламасының мақсаты мен нәтижелері Бакалавриат 

Оқу бағдарламасының мақсаты мен нәтижелері Магистратура

 Түзету әрекеттерінің жоспары 

Түзету әрекеттерінің жоспары(магистр)

 

Жалпы мәліметтер

Кафедра өз тарихын 1961 жылдан,  Қазақ химия-технология институтында  «Электротехника» кафедрасы ұйымдастырылған кезден  бастайды.  Кафедра жалпы білім беруші болатын және технологиялық  мамандық студенттері үшін  «Электротехника»   пәнінен   сабақ  өтетін.

1994 жылы барлық құжаттары әзірленіп «Электржетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру» мамандығы ашылды.  Осы жылы  «Электржетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру» мамандығына студенттер  қабылданды.  Кафедра меңгерушісі болып доцент  Смогоржевский В.У.  тағайындалды.   Кафедра жалпы білім беруші болатын және технологиялық  мамандық студенттері үшін  «Электротехника»   пәнінен   сабақ  өтетін.

1979 жылы меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент  Ильясов Р.М.  тағайындалды  және  1990  жылға дейін  кафедраны басқару қызметінде болды.

2006 жылы  году   М.Әуезов атыныдағы  ОҚМУ  кеңесінің шешімімен «Электроэнергетика»  кафедрасы құрылды.  «Электроэнергетика»  кафедрасы  «Электроэнергетика»  мамандығынан бір қатар маманданулар  бойынша  студенттер мен магистранттар   дайындайды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы  күштік түрлендіру техникасы,  электржетек, электротехнология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты. Кафедра меңгерушісі  доцент  Романенко А.Ф.  болды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы  күштік түрлендіру техникасы,  электржетек, электротехнология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты.

1999  жылы  бітірген бірінші түлектерінен бүгінгі күнге дейін  кафедра 1000  астам  мамандарды  - жоғары квалификациялы энергетиктерді дайындады.  

2010 жылы ректор приказымен кафедра аты өзгертілді.  Кафедраның жаңа аты – «Энергетика және   дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер»  деп аталды  және ол  кафедрада тағы бір жаңа мамандықтың -«Жылуэнергетикасы»  ашылуымен, сондай-ақ дәстүрлі емес және жаңартылатын энергетика   ғылыми бағытының дамуымен  байланысты болды.    2013-2014  оқу жылында 5В071700 «Жылуэнергетикасы» мамандығының   алғашқы  бакалавр  түлектері  бітірді.

Бағыт коды - 6В071 — Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламасының коды:

- 6В071150 – «Электрэнергетика»

-  6В07151 – «Электрмен жабдықтау»

- 6В07140 – «Жылу энергетикасы»

Оку мерзімі: 4 жыл

Біліктілігі: Білім беру бағдарламасы бойынша «Техника және технологиялар бакалавры»

7M071  Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламасының коды:

- 7М07150 -  «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы

- 7М07153 - «Электроэнергетикадағы сандық технологиялар»  білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық - 2 жыл

Біліктілігі: «техника ғылымдарының магистрі»

- 7М07150 - «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі: профиль-1 жыл

Біліктілігі: «техника және технологиялар магистрі»

          

Бакалавр

 

6В07150 – Электр энергетика білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: Электр энергетикасы саласындағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, техника және технология бакалавры біліктілікке сәйкес негізгі қызмет түрлерін орындауға және өзін-өзі дамытуға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы электр энергиясын түрлендіруге және процестерді басқаруға мамандардың жұмыс жасауына жағдай жасауға бағытталған технологиялары, құралдары, әдістері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары: электр технологиялық қондырғылар мен электромеханикалық басқару жүйелеріне байланысты барлық өнеркәсіптік, электр энергетикалық, электротехнологиялық және ғылыми-зерттеу кәсіпорындары.

6В07151 – Электрмен жабдықтау білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: Электр энергетикасы салаларында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие электр энергиясын өндіру, беру және тарату бойынша, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикалық жүйелерді жобалау, басқару және пайдалануды меңгерген білімдері, іскерліктері мен дағдыланған мамандар даярлау.

Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы электр энергиясын беру, бөлу, қайта құру, қолдану және басқаруға байланысты барлық өнеркәсіптік, электр энергетикалық, электротехнологиялық және ғылыми-зерттеу кәсіпорындары болып табылады.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары:

Электр станциялары мен қосалқы станциялар; Электр энергетикалық жүйелер мен желілер; Қалаларды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, объектілерді электрмен жабдықтау жүйелері; Әртүрлі мақсаттағы жоғары кернеулі қондырғылар, электр оқшаулау материалдары, конструкциялар және оларды диагностикалау құралдары, найзағайдан және асқын кернеуден қорғау жүйелері, жабдықтың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету құралдары, жоғары вольтты электртехнологиялар; Электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау және автоматтандыру; Энергетикалық қондырғылар, электр станциялары мен қосалқы станциялар, жаңартылатын энергия көздері базасындағы электр станциялары мен кешендер; Электр машиналары, трансформаторлар, электромеханикалық жүйелер, басқару және реттеу жүйелері; Электр және электронды құрылғылар, автоматты құрылғылар және энергия ағынын басқару жүйелері.

6В07140 - Жылу энергетикасы білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: Бітірушінің энергетика саласының ерекшелігін ескере отырып, жылу энергетика саласындағы құзыреттіліктерді, білімді және іскерлікті алуына бағытталған. Жоғары іргелі дайындық бакалавриат түлектерінің энергетика саласындағы кез келген бейін бойынша магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы Жылуэнергетикалық өндіріспен байланысты ғылым мен техника саласы болып табылады.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары: Энергетикалық кәсіпорындар; кез келген түрдегі ғылыми-зерттеу ұйымдары, жылу энергетикасы саласында кадрларды даярлау және қайта даярлауды жүзеге асыратын орта кәсіптік білім беру мекемелері.

Магистратура

«7М07150 Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: Қазіргі заманғы білім беру технологияларын, білімді, жинақталған тәжірибені, корпоративтік интеллект пен адамгершілікті әлеуметті үйлестіруге негізделген электр энергетикасы саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз ету.

Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы Ғылым мен техника саласы болып табылады, электрэнергияны өндіру, жеткізу, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және адамның қызмет әдістері жиынтығын құрайды.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары кәсіпорындардың кез-келген салаларындағы электрэнергетикалық, техникалық және технологиялық қондырғылар болып табылады.

«7М07150 Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері: Қазіргі заманғы білім беру технологияларын, білімді, жинақталған тәжірибені, корпоративтік интеллект пен адамгершілікті әлеуметті үйлестіруге негізделген электр энергетикасы саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз ету.

Бітірушінің кәсіби қызметінің саласы Ғылым мен техника саласы болып табылады, электрэнергияны өндіру, жеткізу, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және адамның қызмет әдістері жиынтығын құрайды.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары кәсіпорындардың кез-келген салаларындағы электрэнергетикалық, техникалық және технологиялық қондырғылар болып табылады.

«7М07153 Электроэнергетикадағы сандық технологиялар»  білім беру бағдарламасының мақсаты -  заманауи білім беру технологияларының, білімнің, жиналған тәжірибенің, корпоративті интеллект пен моральдық әлеуеттің үйлесімі негізінде электр энергетикасы саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

Кәсіби қызмет ауқымы энергия ағымдарын басқару, электрэнергияны өндіру, жеткізу, тарату, түрлендіру және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған техникалық құралдар, тәсілдер жэне адамның қызмет әдістері жиынтығын құрайды.

Бітірушілердің кәсіби қызмет нысандары кәсіпорындардың кез-келген салаларындағы электрэнергетикалық, техникалық және технологиялық қондырғылар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу және жобалық конструкторлық ұйымдары, электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну жөніндегі кәсіпорындар болып табылады.

 

         Кафедрада барлық пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін казіргі заман талаптарына сай қондырғылармен жабдықталған 5 оқу зертханалары бар.

 

Бакалаврларды дайындауды 26 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде: 2 профессор, 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы және 4 Техника ғылымдарының магистрі.

 

Студенттер  зертханалық стендте жұмыс істеуде

Халықаралық байланыстар

            Біздің кафедра ғылыми техникалық бағыты бойынша келесі жоғарғы оқу орындарымен қарым- қатынас  жасайды:

1. МЭИ Ұлттық Зерттеу Университеті  (Москва  қ., Ресей);

2. Мәскеулік   ғылыми-зерттеу  кешені   (Москва  қ., Ресей);

3. Ресейдің Бірінші Президенті  Б. Н. Ельцин  атындағы    Ураль университеті  (Екатерибург  қ., Ресей);

4. Пекин   энергетика  университеті  (  Пекин  қ.,  ҚХР);

5.  Брно   техникалық  университеті (Брно  қ.,  Чехия);

6.  И.Роззаков    атындағы  Кырғыз   мемлекеттік   техникалық   университеті  ( Бишкек   қ., Кырғызстан);

Кафедра   Алматы    энергетика  және байланыс  университетімен   қарым- қатынас  жасайды .

Шанхай   ұйымы Университетімен ынтымақтастық  шеңберінде   МЭИ   Ұлттық Зерттеу  Университетімен   ( Мәскеу қ. Ресей)  келісілген білім бағдарламасы бойынша  білікті мамандарды бірге дайындау  туралы  «Энергетика» бағытындағы  магистрлерді  дайындау  Келісім шартына қол қойылған.

Қазіргі  уақытта  Келісім  шеңберінде  ОҚМУ,  «ЭжДЭЖ»  кафедрасында    МЭИ   Ұлттық Зерттеу  Университетімен   ( Мәскеу қ. Ресей) бірлесе  отырып,   «Энергетика» бағытында   магистрлерді  дайындау  бағдарламасы өңделген.

Қазір  осы бағдарлама бойынша  2 магистрант:  Ергешов А.  және  Шынгизов Н.  білім алды. 

2017 жылдың 23-27 қыркүйек аралығында Пекинде (ҚХР) өткен  Шанхай  Ынтымақтастығы Ұйымының  энергетикалық бағыт бойынша  Симпозиумында  «Альтернативті энергетика және энергия үнемдеуші технологияның  перспективті бағыттары»   атты Халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияның  жел және кұн энергетикасы секциясының отырысы өтті. 

Симпозиумға біздің Университет атынан  университет ректоры Мырхалыков Ж.У.  бастаған:  ОІ және АТ проректоры -  Байболов К.С.,  «Ақпараттық  технологиялар және  энергетика»  жоғары мектебінің деканы   - Бесбаев Г.А., «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедра меңгерушісінің  м. а. -   Бердалиева А.А.  қатысты.

Симпозиум шеңберінде біздің  делегациямен  қол қойылды: «Шанхай  Ынтымақтастығы Ұйымы университеті шеңберінде «Энергетика»  бағыты бойынша  келісілген білім беру бағдарламасы бойынша білікті маманндарды бірлесе дайындау туралы Солтүстікқытай электроэнергетика  университеті («Хуадянь») мен  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетті  арасындағы  келісім-шартқа»   қол қойылды.

 6М071800 «Электроэнергетика»  мамандығы магистранттары үшін бағдарламаға сәйкес  бір семестр немесе бір жыл Қытайдың мұнай университетінде немесе Солтүстікқытай  энергетика университетінде оқу мүмкіндігі ашылып тұр, одан соң транскрипт немесе  қос диплом алу мүмкіндігі бар.

Ғылыми жұмыс

  Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметі 2020 жылы жетекші ғылыми кафедралық тақырыптарды әзірлеу аясында жүзеге асырылды:
1.№Б ҒЗЖ-16-04-01 "жаңартылатын энергия көздерінің электротехникалық және электромеханикалық жүйелерін әзірлеу және зерттеу".
5-кезең бойынша"зерттеу нәтижелерін өңдеу, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау және әзірленген жүйелердің тиімділігі".
2.№Б ҒЗЖ-16-04-02 "жылу-масса алмасу аппараттарының элементтеріндегі сұйықтық ағынын зерттеу". Осы мемлекеттік бюджет жұмысы бойынша екі кезең зерттелді.
4 кезең. "MatCad ортасында арнаның көлденең қимасы бойынша сұйық бөлшектердің жылдамдығын, еркін жүру ұзындығын есептеу үшін есептеу бағдарламасын жасау. Жалпы формуланың қолданылу саласын белгілеу"
Кафедраның ҒЗЖ ең маңызды нәтижелері маңызды, өзекті мәселелерді көтеретін ғылыми-практикалық конференциялардың нәтижелері бойынша мақалалар жинағы болып табылады.
Жыл басынан кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 76 баспа басылымын дайындады және жариялады: импакт-факторы бар журналдарда (0,100) - 6, республикалық журналдарда( ЖАК) -5, басқа журналдарда 1; "өнеркәсіптік технологиялар және Инжиниринг "VII халықаралық конференциясының еңбектерінде ICITE – 2020 - 17,
"Әуезов оқулары -18;: Ұлы Абайдың рухани мұрасы"атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған еңбектерінде, Шымкент 2020ж-27:" қазіргі заманның жаһандық сын – қатерлеріне жастардың ғылыми көзқарастары "атты XXIII Республикалық студенттік ғылыми конференцияның еңбектерінде Шымкент 2020 –19, Алматыдан әдістемелік құрал: CyberSmith – 1
Оқу үдерісіне 9 ғылыми-зерттеу жұмыстары енгізілді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Жыл сайын  «Ақпараттық технологиялар және энергетика»  жоғары мектебі деңгейінде  студенттердің ғылыми-зерттеу  конференциясы өткізіледі.

Бұл конференцияда студенттер кафедра оқытушыларының жетекшілігімен бір жыл бойы мына тақырыптарға:

1. Заманауй энергия үнемдейтін технологияны қолдану арқылы альтернативті энергия көздерін игерудегі жаңа әдістер

2. Электр энергиясын тарату және тасымалдаудағы энергия тиімділігін арттыру және оңтайландыру ;

-  дайындаған ғылыми –зерттеу баяндамасымен сөз сөйлейді.

Биылғы  (2017-2018 оқу жылы)  конференцияның  ерекшелігі ИП-15-4р тобының студенттерінің өз қолымен «Мәжбүрлеп жел ағынын құру құрылғысының макетін»   жасауы  болды. Аталған макеттің  ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні,  геотермальдық көздердің жылуын ауа ағынына түрлердіру  мүмкіндігін зерттеу болып табылады, және ауа энергиясын  электр энергиясына түрлендіру  болып табылады.

Біздің кафедраның  студенттері    жыл сайын   «Самрук - Энерго»   және Алматы   энергетика және байланыс университеті   ұйымдастырумен  өтетін республикалық  олимпиадаға  қатысады .   Биылғы жылы   жалпы есепте 4  орын алған  ИП-15-4р  тобының студенті  Абдуллаев Агалы     «Самрук - Энерго»  АҚ  тағайындаған   соммасы 200000 тенге ақшалай сыйлыққа (степендияға)  ие болды. 

Болашақта  кафедра  оқытушылары  студенттер   дайындығын  күшейтуді көздеп отыр және  осындай  маңызды   іс-шараларда   көрсеткіштерін  жақсертуға ниетті. 

Өнеркәсіптік  іс-тәжірбие базасы

6В07150 -  «Электроэнергетика» и 6В07140 - «Теплоэнергетика»  білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалаврлар төмендегі тәжірибелерді өтеді:

● оқу (оқу-танысу);

● өндірістік;

● кәсіптік (диплом алды).

Оқу тәжірибесі студенттердің   технология жайлы,  өнеркәсіп  өндірісіндегі  жұмыстарды  ұйымдастыру  туралы     бастапқы мәліметтерді алу мақсатында өткізіледі.

Өндірістік тәжірибе өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру, экономика мәселелері, лауазымдық  міндеттермен танысу, жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқу барысында   суденттердің  алған теориялық және практикалық білімдерің бекіту мақсатында жүргізіледі.

Кәсіптік тәжірибе бакалаврдың бітіруші кәсіптік жұмыстарының тақырыптарына байланысты материалдарды жинақтау мүмкін болатын ғылыми зерттеу мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында жүргізіледі. Студенттердің  тәжірибесі оқу процессінің   міндетті және негізгі формасы болып табылады, студенттерге алған білім деңгейлерін бағалауға мүмкіндік береді, өзіндік жұмыстар дағдыларын қалыптастыруға, теориялық білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында жүргізіледі.

Біздің студенттер өндірістік және дипломалды тәжірибелерін төмендегі облыс пен қалалық кәспорындарда өтеді:

1. ТОО «Оңтүстік  Жарық Транзит»

2. ГКП «КуатЖылуОрталык-3»

3. ТОО «Asia trafo»

4.  АО «Энергоорталық-3»

5. «Оңтүстік жүйе аралық электр тораптары»   АО  «KEGOC»  

6. АО «Карданвал»

7. ТОО «Электроаппарат зауыты»

8. ТОО  «Южказэнергоремонт»

9. АО «Шымкентцемент»

10. АО  «Шардара ГЭС»

11.   ТОО «Юникс»

12.  ТОО  «Шымкент-Құс»

13.  АО «Кентауский  трансформаторный  завод»  г.Кентау

14.  ТЭЦ – 5  г. Кентау.

Магистратурада білім алу

Біздің кафедраның магистранттары ғылыми-зерттеу стажировкасын Мәскеу Энергетика  Университетінде және  ӨзР ҒА ионды-плазмалық және лазерлік институты  жанындағы мамандандырылған конструкторлық – технологиялық   бюрода (СКТБ при  ИИПиЛТ  АН РУз,  Ташкент қ.,  Өзбекстан)   өткізеді. Академиялық ұтқырлық бойынша   магистранттар 1 немесе 2  семестр   шет елде оқуға мүмкіндігі бар.

Кәсіптік бағыттағы магистранттар  кәсіптік іс-тәжірбиені ОҚО өнеркәсіп орындарында өтеді: ЖШС «Оңтүстік  Жарық Транзит», ЖШС «Электроаппарат зауыты»,  «Оңтүстік жүйе аралық электр тораптары»   АҚ  «KEGOC» және т.б.

Кәсіптік бағыттағы және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар  шетелдік стажировканы МЭИ  Ұлттық зерттеу Университетінде   (Москва  қ., Ресей),    И.Роззаков атындағы  Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде   (  Бишкек  қ. , Қырғызстан)  өткізеді.

Академиялық ұтқырлық бойынша    2016-2017 оқу жылында   МИТ-15-5нр тобының магистранты Утебаев М.М. Брно  техникалық  университетінде  (Брно  қ.,  Чехия)  білім алды.  Магистранттар Ергешов А.  (СМИТ-16нр  тобы)  және  Шынгысов Н.  (СМИТ-17нр  тобы)   УШОС  шеңберінде бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасы  бойынша  МЭИ  Ұлттық зерттеу Университетінде   (Москва  қ., Ресей)  білім алды.

Магистрант Ергешов А.  «XIX Бүкіләлемдік  жастар мен студенттер  фестивалінің»  делегаты және қатысушысы. Сочи қ.  (13-23 қазан 2017ж.)Біздің  спортшылар 

Біздің кафедра студенттерінің  арасында республикалық және халықаралық  деңгейдегі спорт жетістіктеріне  қол жеткізгендері бар.  

  - ИП-16-4кс тобының студенті  Рустембеков Жарылқасын Республикалық  жарыстарда  армреслингтен   1 орынға ие болды.

 - ИП-16-4к2 тобының студенті  Турғынбай Бексултан  СДЮШОР №7  футбол командасы құрамында ойнайды.  2017 жылы ол  командасымен бірге   Болгарияға   (2 орын алды)  және   Түркияға   ( 1 орны алдыз)   барып қайтты.

- ИП-16-4к2 тобының студенті  Турдыбай  Нурлыбек  шабандоз ретінде ұлттық спорт түрлерінен  жасөспірімдер   арасында көкпардан  Қазақстан Республикасының  ІV  чемпионатында жүлделі орынға ие болды   .

- ИП-16-4к2 тобының студенті    Қалтай Бекжан  қыстық  спорт түрлерінен   «Универсиаде - 2017»   қатысты.

Студенттік өмір

Біздің кафедра жастарының студенттік өмірі   әртүрлі іс-шаралармен қаныққан:

- Масленицаны ұйымдастыру бойынша іс-шаралар;

-  ұлттық  Наурыз  мерекесін тойлау;

- Халықтар Бірлігі Күніне  арналған  іс-шаралар    және тағы басқалары.

Әрбір  академиялық  топта   әртүрлі  атаулы   даталарға   арналған  ашық тәлімгер сағаты,   семинарлар және  оқу жоспарына сәйкес ашық  практикалық сабақтар өткізіледі. 

Сондай-ақ   студенттер:  жыл сайын  болатын  еңбегі сіңген облыс Энергетиктерін  құттыктау,     Қала күнін  тойлауға байланысты   іс-шараларға белсене қатысады.

Студенттер  қалалық сенбіліктерге   белсене қатысып,  қаланың экологиялық қалып –күйіне өз үлестерін   қосады.