Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – тамыры тереңде жатқан ел тарихы» атты ашық тәрбие сағаты

2021-ші жылдың 29 қарашасы күні «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының прфессор – оқытушы құрамының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – тамыры тереңде жатқан ел тарихы» атты ашық тәрбие сағаты №2 жатақханада білім алушылармен бірге өткізілді.. Ашық тәрбие сағатында «МС-20-15к3», «МС-20-15к4», «МС-20-7к», «МС-20-6к1», «ИП-21-4к3», «АП-21-6к3» топ студенттерінің белсенді қатысуымен ән шырқалып, би билеп, патриоттық әнді хор түрінде орындап, баяндама және көркем сөз оқылып, домбырамен күй, терме тартылды.«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің деканы Е.Т. Шертаев және кафедра меңгерушісі Г.Т. Джусупбекова соңында сөз сөйлеп, студенттерді мадақтап, алғыс хатпен марапаттады.