Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты салтанатты мерекелік кеш

 

     13.12.2021 жылы «Ақпараттық технологиялар және Энергетика» Жоғары мектебі, «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік іс-шараға Ақпараттық технологиялар және Энергетика» Жоғары мкетебінің деканы Шертаев Е.Т., «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Турымбетова Г.Д. қатысты.

    Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Кеште студенттер ән айтып, терме - күй шертті, тәуелсізідікке қалай жеткеніміз туралы тарихи-драммалық хронография қойылды. Студенттер 1986 жылы Колбинге қарсы шыққан қазақ жастарының тәуелсіздікке деген талпынысы мен ұмтылысын айқындайтын және сол кездің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс қойылды.

      30 жылда жеткен негізгі жетістіктеріміз бен маңызды даталарды «30 жыл, 30 асу, 30 белес» атты студенттедің қойылымымен презентация қойылды.